Экстремизм мен терроризм профилактикасының 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы» отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің №60 мектеп-лицейінде Астана қаласының Алматы , Нұра, Есіл , Байқоңыр және Сарайшық ауданы мектептерінің директорлары мен тәрбие жөніндегі орынбасарларымен «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризм профилактикасының
2024-2026 жылдарға арналған жол картасы» отырысы өтті.
Кездесу барысында жастар тәрбиесіндегі дін мәселелері, әлеуметтік желіде деструктивті діни ағымның ықпалынан сақтандыру, дін саласына қатысты заңнамалары талқыланды.
Кездесу барысында Діндерді зерттеу орталығының бөлім басшысы Жаншин Н.Б “Жасөспірімдер арасындағы деструктивті діни ағымның белгілері және алдын алу жолдары” , Діндерді зерттеу орталығының мониторинг бөлімінің менеджері A.Б. «Интернет кеңістіктегі киберқауіпсіздік» және Астана қаласы дін істері жөніндегі басқарманың бас маманы Даниярова А.П. «Дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық» тақырыптарында баяндама жасады.
Кездесу соңыңда педагогтердің сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.