Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Бердімұрат Сайынұлы Касимов Нұрлы жол вокзал кешенінің қызметкерлеріне арнап, “Деструктивті діни ағымдардың зардаптары” тақырыбында мазмұнды әрі әсерлі лекция өткізді.
Лекция барысында Бердімұрат Сайынұлы заманауи қоғамда деструктивті діни ағымдардың пайда болуы мен олардың теріс ықпалдарына жан-жақты тоқталып, тыңдаушыларға терең мағлұмат берді. Ол мұндай ағымдардың жеке тұлға мен қоғамға тигізетін қауіп-қатерлері, отбасылық құндылықтарды шайқалтуы және әлеуметтік тұрақтылықты бұзуға бағытталған әрекеттері туралы нақты мысалдар келтіре отырып түсіндірді.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, Нұрлы жол вокзал кешенінің қызметкерлері көкейдегі сұрақтарын қойып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша маманнан құнды ақпарат алды. Теолог қазіргі уақытта сақтық шаралары мен діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталып, экстремистік ағымдардың ықпалына түсіп қалмаудың жолдарын түсіндірді.
Бұл лекция қатысушыларға діни сауаттылықты арттырып қана қоймай, олардың санасына терең ой салып, деструктивті ағымдарға қарсы тұрудың нақты қадамдарын ұғынуға мүмкіндік берді. Аталған шара өзекті мәселені көтеріп, қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау жолындағы маңызды бастамалардың бірі ретінде жоғары бағаланды.