«Заң және тәртіп» тақырыбы аясында көпшілікке арналған «Ашық алаң» ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырылды.
2025 жылдың 14 ақпанында Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «QAMQOR-ASTANA» Қоғамдық қоры «Көктал» ойын-сауық сауда орталығында «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында көпшілікке арналған «Ашық алаң» ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды.
Іс-шарада қатысушыларға ұлттық құндылықтар, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, Қазақстан тарихы, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптейтін және деструктивті діни ағым қызметін алдын алуға бағытталған «сұрақ-жауап» викторинасы өткізілді. Ал, балаларға арналған отан, білім, отбасы және т.б. тақырыптарда мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс жеңімпаздарына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, акцияға атсалып, белсенді еріктілерге де алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Акция аясында елорда тұрғындарына деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы ескертетін, сенімді дереккөздердің, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімін, дін саласындағы заңнаманы және т.б. қамтитын 2 мыңнан астам ақпараттық брошюралар үлестіріліп, бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты елорда тұрғындарын деструктивті діни ағымдар мен олардың қауіптілігі туралы хабардар ету, діни сауаттылықты арттыру және дін саласындағы заңнамамен танысу болып табылады.