Маркетологты ойлап көріңізші. Жеміс немесе көкөніс сатады, бірақ таразысы жоқ. Тігінші туралы ойланыңыз. Көйлек тігіп жатыр, бірақ өлшеуіші жоқ. Маркетолог пен тігіншінің бұл сатуы қалай нәтиже береді?

Маркетолог өз ойымен тартқан жемістерін сатқанда өзіне немесе тұтынушыларына зиян келтіреді. Өзіне зиян келтірді деп ойлайтын болсақ, бұл шығын аз болса да, тұтынушылар саны артқан сайын шығын да соған сәйкес өседі. Ал, тігіншінің көзбен өлшеп тіккен көйлегі тапсырыс беруші үшін үлкен немесе кішкентай болуы ықтималы өте жоғары. Ал енді, базарда тұрған саудагерді ойлап көріңізші… Қолында таразысы бар, бірақ таразысы бұзық. Бұл жерде сатудың нәтижесі қалай болады? Таразы бірдеңені әдеттегіден ауыр етіп көрсетсе, тұтынушыларға зияны тиеді. Ал таразы діттегенінен көп көрсетсе, сатушыға зиян тиеді. Яғни, бұл сатушының шығынға ұшырамауы және басқаларға зиян келтірмеу үшін дұрыс таразысы болуы және оны дұрыс пайдалануы керек дегенді білдіреді. Бұл өмірде бәріміз базардағы саудагер сияқтымыз. Өзімізге немесе басқаларға қатысты шешім қабылдағанда немесе мінез-құлқымызда дұрыс өлшем болмаса, біз өзімізге немесе басқа біреуге зиян келтіреміз. Біздің әрбір әрекетімізді өлшейтін нақты өлшем болуы керек және біз бұл өлшемді өзіміз және өзгелер үшін де қатаң сақтауымыз керек. Осылайша біз өзімізге зиян келтірмейміз және ешкімге әділетсіздік жасамаймыз. Міне бізді Раббымыз Құран Кәрімді өлшем ретінде түсірген. Бұл өмірде ненің жақсы, ненің жаман, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін, кімнің дос, кімнің дұшпан екенін Раббымыздың өлшеміне сай анықтасақ, бәрі өз орнына келеді және өмір өз ретін тауып, жүрегіміз тазарып, көңіліміз тынышталып шаттыққа толы болады. Осылайша біз өз құқығымызды бұзбаймыз да, басқалардың ақысына кіріп құқығын бұзбаймыз. Алайда бір мәселені шешуде немесе әрекет етуде Раббымыздың бізге берген өлшемін елемей, таразысын қойып, сөмкеге жеміс-жидек пен көкөніс толтырған сатушы сияқты өз қалауымыз бен әрекет жасасақ немесе метірден бас тартып, оймен киім тіккен тігінші сияқты болуға тырысатын болсақ, әлбетте біз адасамыз, шатасамыз, өзімізге немесе өзгеге зиян береміз. Раббымыз өмірдің өлшемі туралы былай дейді: «Алла аспанды көтеріп, таразысын қойды. Таразыны бұзбаңдар. Әділ өлшеңдер, аз тартпаңдар». (Рахман сүресі 9)

Басқа тағы бір аятта Раббымыз түсірген кітабымен бірге таразы да түсіргенін былай деп айтады: «Расында біз пайғамбарларымызды айқын дәлелдермен жібердік және адамдар әділдік жасаулары үшін кітап пен таразы түсірдік». (Хадид сүресі 25) Бүгінгі таңда жеке болсын, қоғамдық болсын шағымдардың басым көпшілігі, болған оқиғалар мен адамдарды Раббымыздың бізге көрсеткен өлшемімен бағаламаудан туындауда. Мәселені бұлай қарайтын болсақ, ешнәрсе жұмыс істемейтіндей, ешбір ісіміз жақсы аяқталмайтындай, жұмысымызда жақсылық болмайтындай, молшылықтан көрі жоқшылықты көп көретіндей боламыз. Бұның алдын алудың жолы, көңілімізді тоқ ететін, жүрегімізді тыншытатын әрекеттің өлшемі, Раббымыздың киімімізге, ішіп-жемімізге, еркек пен әйел қарым-қатынасын, жеке тұлғалардың қоғаммен қарым-қатынастарын стандартын және басқа да барлық қойған өлшеміне сай әрекет етуіміз керек. Өмірімізге қатысты барлық істерде Раббымыздың өлшемін есепке алмасақ, жағдай нашарлайды. Алайда, Раббымыздың өлшемін тастасақ, кімді негізге аламыз? Біздің қайсысымыз барлық адами қарым-қатынастарды қамтитын әділ, бейтарап және өлшемді белгілей аламыз? Раббымыз өзі белгілеген нормаларды орындамай әрекет еткендер туралы былай дейді: «Алланың көрсеткен тура жолын көрсетпей өз нәпсісіне ергеннен асқан бұзық кім бар? Расында Алла залым қауымды тура жолға салмайды». (Қассас сүресі 50) Қорытындылайтын болсақ. Құдай пендесіне ақыл бергенде өзінің өлшеміне сай әрекет ететіндей етіп жаратқан. Ақылды адам – саналы адам, саналы адам – ол мәдениетті адам. Міне осы себептен болсын, жеке және қоғамдық пікірлерде діни, мемлекеттік және кез келген ісімізде өз маманына жүгіне отырып орындауымыз керек.  Раббымыз барлық амалдарымызда өзі белгілеген өлшемді негіз етіп алуды нәсіп етсін. Дінді дін маманынан, ағашты ұстасынан, малды шопаннан, егінді диханнан сұрағанның құқықтық тұрғысынан басымдылығы бар. Кез келген өлшемімен санаспастан өз нәпсілерімізге, қалауларымызға, қалауларына еруден, сол арқылы өлшемді жоғалтып, адасудан сақтасын.

Исатай БЕРДАЛИЕВ,
Астана қаласы «Діндерді зерттеу»
орталығының теолог маманы, (PhD) доктор